русский | қазақша | english | deutschen
 
КОНКУРС ТУРАЛЫ
СТУДИЯ ТУРАЛЫ
МУЛЬТФИЛЬМ СЦЕНАРИІ
ЖАРИЯЛАУ
ХАТ ЖАЗУ

ФОТОАЛЬБОМ
КӨШІРІП АЛУ
ЖАҢАЛЫҚТАР
СІЛТЕМЕЛЕР

 

 

 


    Бұл беттен конкурсқа қатысуға қажетті барлық материалдарды табасыз.
Біріншіден, осы жобаны ұйымдастырушылар туралы айта кеткен жөн: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығының Комитеті, "Seimar Social Fund" жеке қайырымдылық қоры, Agip KCO компаниясы, "Германияның табиғат қорғау одағы" (NABU), "Анимастер" студиясы.

Жоба үйлестірушісі - Махсут Жәрімбетов, "Анимастер" студиясының режиссері. «Киік толғауы-2» мультфильмінің екінші сериясына арналған ең жақсы сценарий конкурсының мақсаттары:

 

  • киіктерді қарақшылардың жойып жіберуінен сақтауға атсалысу;
  • көпшілік назарын осы проблемаға тарту;
  • шығармашылық адамдарды, киіктерді қорғаумен айналысатын мамандарды және тіпті мектеп оқушыларын мультфильм жасау процесіне тарту.

Әрбір конкурсқа қатысушы біз төменде ұсынып отырған шарттарды қабылдауы керек:

  • Конкурсқа мультфильмнің екінші сериясын жасау барысында қолдануға болатын сценарилерді, өлең мәтіндерін, музыкалық шығармаларды жіберуге болады.
  • Сонымен қатар, жай ғана ой бөлісуге де болады. «Ұжымдық» сценаридің соңғы нұсқасын жасау үшін семинар өткізіледі. Осы семинар барысында қатысушылар ең қызық деген ойлар мен ұсыныстарды іріктеп алатын болады.
  • Дайын мультфильмің титрларында фильмді дайындауға материалдары қабылданған авторлардың есімі ғана емес, сонымен қатар, конкурсқа белсенді қатысқан өзге тұлғалардың да есімі жазылады.
  • Әрбір автордан қабылданатын сценарий шығармаларының саны шектелмеген.
  • Тіркелу барысында мыналарды міндетті түрде көрсету керек: Тегі, аты, әкесінің аты, (бүркеншек аты), байланыс мекен-жайы. Сонымен бірге, әрбір қатысушы өзі қажет деп шешкен ақпаратты беруіне болады.
  • Конкурсқа жіберілген материалдар біздің сайт беттерінде орналастырылады. Егерде туынды бұрын соңды еш жерде жарияланбаған болса, онда сайтта орналастырылғаннан кейін жарияланған болып есептеледі.
  • Әрбір туынды Қазақстан Республикасының Авторлық құқық туралы заңымен қорғалады, туындыны қандай да болмасын заңсыз пайдалану әрекеттегі осы заң бойынша жауапқа тартылады.
  • Сайттың әрбір қонағы сіздің шығармаңызға қол жеткізе алады.
  • «Киік толғауы-2» мультфильмінде материалды пайдалану бойынша авторлық келісім мәселесі Қазақстан Республикасының заңына сүйене отырып шешілетін болады.
  • Конкурсқа шығарманы қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерінде беруге болады.
  • Барлық сұрақтарды біздің сайт форумында талқылауға болады. Сонымен қатар, кейбір сұрақтарды бағдарлама үйлестірушісінің көмегімен шешуге болады: zmaxut@mail.ru 

Конкурс материалдары 2008 жылдың 25-қаңтарына дейін қабылданады.

     реклама
 “АниМастер” студиясының өнімі
 ШЫҒАРУ ЖЫЛЫ: 2006
 СЦЕНАРИЙДІ ЖАЗҒАН: ТАТЬЯНА ЖӘРІМБЕТОВА
 РЕЖИССЕРІ: МАХСУТ ЖӘРІМБЕТОВ
 ПРОДЮСЕРІ: МАРТИН ЛЕНК

 "АНИМАСТЕР" СТУДИЯСЫ ШЫМКЕНТ қ-сы

Дизайн және дайындық
LiO Programs