русский | қазақша | english | deutschen
 
КОНКУРС ТУРАЛЫ
СТУДИЯ ТУРАЛЫ
МУЛЬТФИЛЬМ СЦЕНАРИІ
ЖАРИЯЛАУ
ХАТ ЖАЗУ

ФОТОАЛЬБОМ
КӨШІРІП АЛУ
ЖАҢАЛЫҚТАР
СІЛТЕМЕЛЕР

 

 

 


   "АниМАСТЕР" мультипликациялық студиясы өзінің жеке жұмыстарын салыстырмалы түрде жақында бастады. Бірінші мультипликациялық жарнамалық фильмімізді 1999 жылы жасадық. Сол уақыттан бастап мультипликациялық фильмдерді жасауды еш тоқтатпадық.

Қазіргі кезде студия аниматорларының қоржынында «Алдар көсе мен шайтандар» (2004ж.) сынды мультфильм және «Сақаулар шоуы» (2004ж.) сынды мультипликациялық сериалдар бар.

Киіктерді сақтауға арналған мультфильмге ең жақсы сценарий конкурсына қатысып, қазылар алқасының оң шешімінен кейін, біз 2006 жылы «Киік толғауы» мультфильмінің түсіуге кірістік. Сол жылдың күзінде мультфильмді аяқтап, ол алғаш рет 2006 жылдың 20-қазанында Алматы қаласында өткен киіктерді сақтау мәселесі жөніндегі Халықаралық симпозиумда көрсетілді.

2007 жылы біздің студия 16 сериялық «Балалар Конституциясы» атты мультипликациялық сериалды жасай бастады. Әрбір серия Балалар құқығы жөніндегі Конвенцияның жекелеген баптарына арналған. Кішкентай көрермендерге Оливер Твистің оқиғасы туралы айта отырып, мультфильмнің бас кейіпкері балаларға мемлекет олардың құқықтарын қалайша қорғауы және қамтамасыз етуі керектігін түсіндіреді.

Біздің студияның мультфильм тусіруге деген талпынысын көптеген демеушілер қолдайды. «Киік толғауы» мультфильмінің бірінші сериясына «Германияның табиғат қорғау одағы» (NABU), Shell компаниясы, Қазақстан Республикасы АШМ-нің Орман және аңшылық шаруашылығының комитеті, өзге де табиғатты қорғау ұйымдары қолдау көрсетті.

Біз Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Шағын гранттар бағдарламасына қатысамыз.

«Киік толғауы -2» мультфильмінің екінші сериасын жасау жөніндегі жобаны біздің сайтың әрбір бетінде логотиптарын орналасқан ұйымдар қолдады.

 

     реклама
 “АниМастер” студиясының өнімі
 ШЫҒАРУ ЖЫЛЫ: 2006
 СЦЕНАРИЙДІ ЖАЗҒАН: ТАТЬЯНА ЖӘРІМБЕТОВА
 РЕЖИССЕРІ: МАХСУТ ЖӘРІМБЕТОВ
 ПРОДЮСЕРІ: МАРТИН ЛЕНК

 "АНИМАСТЕР" СТУДИЯСЫ ШЫМКЕНТ қ-сы

Дизайн және дайындық
LiO Programs